Украинаға ресми ізгілік көмек көрсету туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 10 наурыздағы № 115 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыға қосымшаға сәйкес Украинаға дәрілік заттар түрінде ресми ізгілік көмек көрсетуді қамтамасыз етсін. 2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі ресми ізгілік көмекті алушыны айқындасын және оны көрсету жөніндегі шараларды үйлестіруді қамтамасыз етсін. 3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен ізгілік жүкті межелі пунктке дейін тасымалдауды және жеткізуді қамтамасыз етсін. 4. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ізгілік жүктің межелі пунктке дейін тасымалдануын және жеткізілуін үйлестіруді қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдасын. 5. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, Сыртқы істер, Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Қаржы министрліктері осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын. 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 10 наурыздағы № 115 қаулысына қосымша
Украинаға ресми ізгілік көмек көрсетуге арналған дәрілік заттардың тізбесі
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|