Көкшетау қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын бекіту туралы
Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2017 жылғы 18 сәуірдегі № С-9/9 шешімімен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1-бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, «Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 145 бұйрығына сәйкес, Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Көкшетау қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін. 2. Көкшетау қалалық мәслихатының «Көкшетау қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № С-20/3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3872 болып тіркелген, 2013 жылғы 7 қарашада «Көкшетау» газетінде және 2013 жылғы 7 қарашада «Степной Маяк» газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын. 3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Көкшетау қаласының әкімі Е.Маржықпаев 2015 жылғы «06» тамыз
2015 жылғы 6 тамыздағы № С-40/4 шешіміне қосымша
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|