Ұзынкөл ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 529-бабы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының, «Аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 12 қарашадағы № 475 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17847 болып тіркелген) сәйкес, Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Ұзынкөл ауданының салық салу объектісінің елді мекендерде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері осы каулының қосымшасына сәйкес бекітілсін. 2. «Ұзынкөл ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте: 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін; 2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Ұзынкөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ұзынкөл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 4. Осы қаулы 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 27 қарашадағы № 167 қаулысына қосымша
Ұзынкөл ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|