Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 362 бұйрығына 2-қосымша
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 5 маусымдағы № 47 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2016.26.09. № 422 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) «Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу қызметіне лицензия беру» (2016.26.09. берілген өзгерістермен)
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2016.24.02. № 96 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Ұлттық экономика министрінің 2016.26.09. № 422 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу қызметіне лицензия беруді, қайта ресімдеуді, лицензияның телнұсқаларын беруді (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11019 тіркелген) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 245 бұйрығымен бекітілген «Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу қызметіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес жүзеге асырады. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы; www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|