Күзет қызметін, жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтарының қызметін және күзет сигнализациясы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті мемлекеттік бақылау бойынша тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын, тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы
ҚР Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 1018 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 2016 жылғы 6 қаңтардағы № 1 бірлескен бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 13-бабы 3-тармағына, 15-бабы 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ: 1. Мыналар: 1) күзет қызметін, жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтарының қызметін және күзет сигнализациясы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті мемлекеттік бақылау бойынша тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес; 2) күзет қызметін мемлекеттік бақылау бойынша тексеру парағының нысаны осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес; 3) жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтарының қызметін мемлекеттік бақылау бойынша тексеру парағының нысаны осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес; 4) күзет сигнализациясы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті мемлекеттік бақылау бойынша тексеру парағының нысаны осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|