|
Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісім (Бишкек қ., 2024 жыл 6 қараша)
Әзербайжан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті, Түркия Республикасының Үкіметі және Өзбекстан Республикасының Үкіметі (бұдан әрі бірлесіп «Тараптар» және жеке «Тарап» деп аталады) 2021 жылғы 12 қарашада Ыстанбұлда қабылданған Түркі мемлекеттері ұйымының (бұдан әрі - ТМҰ) сегізінші саммитінің декларациясын және 2023 жылғы 16 наурызда Анкарада қабылданған ТМҰ Азаматтық қорғау тетігін құру туралы ТМҰ Мемлекеттері басшылары кеңесінің шешімін назарға ала отырып, апаттар мен төтенше жағдайлар кезіндегі халықаралық ынтымақтастықтың айрықша маңыздылығын атап өтіп, Тараптардың ТМҰ-ға мүше мемлекеттер мен оның байқаушы мемлекеттерінің, сондай-ақ басқа мемлекеттердің аумағында орын алуы ықтимал апаттар жағдайында шұғыл қолдауды жылдам көрсетуге және үйлестіру міндеттерін орындауға және ден қоюға, өмір мен мүлікті құтқаруға, медициналық көмекке, шұғыл байланысқа, мониторинг пен талдауға, пана беруге, табиғи апаттар мен төтенше жағдайлар кезінде гуманитарлық көмек көрсетуге, сондай-ақ апаттардың алдын алу мен оларға әзірлікті қамтамасыз етуге, ден қою бойынша білім мен тәжірибе беруге ұмтылысын назарға ала отырып, түркі мемлекеттері мен олардың халықтары арасындағы олардың тарихи байланыстары, ортақ тілі, мәдениеті мен дәстүрлері негізінде кеңейіп келе жатқан ынтымақтастықтың пен ниеттeстіктің нығаюын баса атап өтіп, мыналар туралы уағдаласты:
1-бап
1. Осы арқылы Тараптар Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін (бұдан әрі - ТМҰАҚТ) құқықтық субъектілікке ие халықаралық ұйым нысанында құрады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|