Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Даму Банкінің және ипотекалық ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қаржы секторының шолуын қалыптастыру үшін мәліметтерді ұсыну жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2010 жылғы 27 желтоқсандағы № 105 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 316 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және исламдық қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Даму Банкінің және ипотекалық ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қаржы секторының шолуын қалыптастыру үшін мәліметтерді ұсыну жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2010 жылғы 27 желтоқсандағы № 105 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6772 тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Даму Банкінің және ипотекалық ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қаржы секторының шолуын қалыптастыру үшін мәліметтерді ұсыну жөніндегі нұсқаулықта: 22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «22. Нұсқаулықтың 22-1-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, мынадай екінші деңгейдегі банктер Ұлттық Банкке: 1) оннан аспайтын филиалы бар: күнделікті мәліметтерді - есепті күннен кейінгі екі жұмыс күнінен кешіктірмей (ай сайынғы мәліметтермен бірмезгілде ұсынылатын айдың алғашқы есепті күндеріндегі мәліметтерді қоспағанда); Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|