Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі аппаратының қызметтік куәлігін беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы
ҚР Жоғары Сот Кеңесінің аппараты Басшысының 2020 жылғы 9 желтоқсандағы № 1-12/45 өкімімен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабының 4-тармағына сәйкес: 1. Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі аппаратының қызметтік куәлігін беру қағидалары және оның сипаттамасы бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі аппаратының Ұйымдастыру бөлімі: 1) осы өкімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы өкім Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтүзбелік он күн ішінде оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін; 3) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінен осы өкімді алған күннен бастап күнтүзбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін; 4) осы өкімнің Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі аппаратының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі аппаратының Ұйымдастыру бөліміне жүктелсін. 4. Осы өкім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтүзбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жоғары Сот Кеңесінің аппараты басшысының 2016 жылғы 17 қазандағы № 3-3/71 өкімімен бекітілген
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|