Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру (бұдан әрі - өзгерістер мен толықтыру) бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырудың 2-тармағының төртінші, алтыншы, сегізінші, он екінші, он үшінші, он жетінші, он сегізінші, жиырма екінші, жиырма бесінші, отыз бірінші, отыз екінші, отыз бесінші және отыз алтыншы абзацтарын, 3-тармағының үшінші, бесінші және жетінші абзацтарын қоспағанда, 2024 жылғы 11 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2024 жылғы 16 қыркүйектегі № 749 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру
1. «Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 520 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыру қағидаларында: 9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «9. Мемлекеттік корпорацияның шотына түскен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомалары үш жұмыс күні ішінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 208 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 107861 болып тіркелген) айқындалған тәртіппен жиынтық төлем тапсырмаларымен электрондық түрде төлем жүйелері операторы немесе операциялық орталығы бекіткен хабарлар форматтарында аударылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|