Осы редакция 2017 жылғы 2 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 280 бұйрығына 3-қосымша
«Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Қаржылық бақылау комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініш қабылдау және көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесін беру www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: 1) порталға жүгінген кезде құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап: куәлік беру - 20 (жиырма) жұмыс күні; куәлікті қайта рәсімдеу - 3 (үш) жұмыс күні; куәліктің телнұсқасын беру - 2 (екі) жұмыс күні. Көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді; Ұсынылған құжаттардың толық еместігі фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тарту береді. 2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтуінің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 20 (жиырма) минуттан аспайды; 3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 20 (жиырма) минуттан аспайды. 5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған). 6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік, қайта рәсімдеу, телнұсқа беру. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|