Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Таиланд Корольдігінің Үкіметі арасындағы ұлттық паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы (Бангкок, 2024 жылғы 23 сәуірде)
ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 14 тамыздағы № 653 Қаулысымен бекітілді
Бұдан әрі жеке-жеке «Тарап» және бірлесіп «Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Таиланд Корольдігінің Үкіметі Тараптар мемлекеттерінің аумағына өз мемлекеттері азаматтарының келуін жеңілдету мақсатында Тараптардың мемлекеттері арасындағы достық қарым-қатынасты дамытуға жәрдемдесуді қалай отырып, төмендегілер туралы келісті:
Осы Келісімде қолданылатын «жол жүру құжаты» термині мыналарды білдіреді: 1) Қазақстан Республикасының жарамды жол жүру құжаты Қазақстан Республикасы азаматының ұлттық паспорты болып табылады; 2) Таиланд Корольдігінің жарамды жол жүру құжаты Таиланд Корольдігінің азаматының ұлттық паспорты болып табылады.
1. Бір Тарап мемлекетінің азаматтары, қолданылу мерзімі кемінде 6 (алты) айдан кем болмауға тиіс жарамды жол жүру құжаттарының иелері, екінші Тарап мемлекетінің аумағына келу, одан кету, транзитпен өту, онда уақытша болу үшін келген күнінен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын, күнтізбелік 180 (жүз сексен) күндік әр кезең ішінде жиынтығы күнтізбелік 90 (тоқсан) күн болатын кезеңге визалық талаптардан босатылады. 2. Егер осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамдар екінші Тарап мемлекетінің аумағында күнтізбелік 30 (отыз) күннен артық болуға ниет білдірсе, осы Тарап мемлекетінің заңнамасы мен қағидаларына сәйкес талап етілетін тиісті виза алуға тиіс.
Осы Келісімнің 2-бабында көрсетілген адамдар екінші Тарап мемлекетінің халықаралық жолаушылар қатынасы үшін ашылған кез келген өткізу пункттері арқылы екінші Тарап мемлекетінің аумағына келе алады, одан кете алады немесе транзитпен өте алады және осы Тарап мемлекетінің келуге, кетуге және транзитпен өтуге қатысты заңнамасы мен қағидаларын сақтауға тиіс.
Осы Келісімнің 2-бабында көрсетілген адамдар екінші Тарап аумағында болған кезеңінде оның заңнамасы мен қағидаларын құрметтеуге тиіс. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|