«Шымкент қаласының Қаратау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35, 37 баптарына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-1-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік орган туралы үлгілік ережеге сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Шымкент қаласының Қаратау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін. 2. «Шымкент қаласының Қаратау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте осы қаулыдан туындайтын барлық шараларды атқарсын. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласының Қаратау ауданының әкiмi А.Аликуловқа жүктелсiн. 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шымкент қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 28 желтоқсандағы №1699 қаулысымен бекітілген
«Шымкент қаласының Қаратау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Шымкент қаласының Қаратау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Қаратау ауданы әкімінің аппараты) Шымкент қаласының Қаратау ауданы аумағында мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыратын және орындайтын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. 2. Қаратау ауданы әкімінің аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|