Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық кеңес туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 2022 жылғы 15 шілдедегі № 292-НҚ бұйрығы
Осы редакция 2024 жылғы 10 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 3) және 14) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық кеңес (бұдан әрі - Кеңес) құрылсын. 2. Мыналар: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Кеңестің құрамы; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Кеңес туралы ереже бекітілсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция бірінші вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 2022 жылғы 15 шілдедегі № 292-НҚ бұйрығына 1-қосымша
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық кеңестің құрамы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрі, төраға; Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция бірінші вице-министрі, төрағаның орынбасары; Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы; Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары, хатшы; Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі (келісім бойынша); Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі (келісім бойынша); Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі (келісім бойынша); Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі (келісім бойынша); Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|