Осы редакция 2016 жылғы 9 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер Министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 8 мамырдағы № 11-1-2/177 бұйрығына 4-қосымша
«Қазақстан Республикасының шетелдегі азаматтарының азаматтық хал актілерін тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қараңыз
1. «Қазақстан Республикасының шетелдегі азаматтарының азаматтық хал актілерін тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған күнінен бастап: баланың тууын тіркеу - 5 (бес) жұмыс күні ішінде; әкелікті анықтау, бала асырап алуды, атын, әкесінің атын, тегін өзгертуді тіркеу - күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде, қосымша зерделеу немесе тексеру қажет болған жағдайда, мерзім күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін; неке қиюды және бұзуды тіркеу - күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде, қосымша зерделеу немесе тексеру қажет болған жағдайда, мерзім күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін; қайтыс болуды тіркеу - 5 (екі) жұмыс күні ішінде. 2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 60 минут; 3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 10 минут. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|