ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ӨЗАРА ТҮСІНІСТІК ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМ
Бұдан әрі бірлесіп «Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (ИДМ) және Минералдық шикізат қоры жөніндегі есеп берудің халықаралық стандарттары комитеті (CRIRSCO) төмендегілерді қабылдайды: - әлемдік тау-кен өндіруші өнеркәсіпті дамытуға Қазақстанның белсенді қатысуына қатысты екі Тараптың негізгі қызметі мен үзақ мерзімді мүдделерін назарға ала отырып; - Қазақстанның минералдық ресурстары мен пайдалы қазбалар қорларын тиімді және толық пайдалану үшін жағдайлар жасаудағы ИДМ ниетін және геологиялық барлау жүмыстарының нәтижелері, минералдық ресурстар мен минералдық қорлар туралы халықаралық есеп беру стандарттарын әзірлеудегі CRIRSCO-ныңжетекші рөлін назарға ала отырып; - ИДМ мен CRIRSCO мамандарының арасында геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері, минералдық ресурстар мен минералдық қорлар туралы есеп беруді жетілдіру бойынша өзара іс-қимылдарын нығайту үшін; - минералдық ресурстар саласындағы және шикізат пен капитал нарығының жаһандану жағдайларындағы халықаралық қызметтің өсіп келе жатқан маңыздылығын, атап айтқанда, бүкіл әлемдегі түтынушылар үшін шикізатты жеткізудегі Қазақстанның тау-кен өндіруші өнеркәсібінің артып келе жатқан үлесін ескере отырып. Тараптар төмендегілер туралы келісті: 1. Осы Меморандумның мақсаты CRIRSCO үлгісіне сәйкес Қазақстанның геологиялық барлау нәтижелері, минералдық ресурстарымен минералдық қоры туралы ұлттық есеп беру стандартын әзірлеудегі және іске асырудағы ынтымақтастық болып табылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|