Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарын бекіту туралы
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары (бұдан әрі – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар) бекітілсін. Персоналды дамыту басқармасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды Министрлік қызметкерлерінің назарына жеткізсін; «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 15 маусымдағы № 204 бұйрығының күші жойылсын. Осы бұйрықтың орындалуын өзім бақылаймын. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 28 қыркүйектегі № 338 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары
Қоғамдық қатынастар саласының атауы: мұнай-газ, мұнай-газ химиясы өнеркәсібі, көмірсутектерді тасымалдау салаларында, көмірсутектер, уранды өндіру бөлігінде жер қойнауын пайдалану саласында, мұнай өнімдерін өндіруді мемлекеттік реттеу, газ және газбен жабдықтау, магистральдық құбырлар, электр энергетикасы, орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағында жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын жылу электр орталықтары мен қазандықтар (автономды қазандықтардан басқа) бөлігінде жылумен жабдықтау, атом энергиясы, жаңартылатын энергия көздерін дамыту салаларында. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеушінің атауы: Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|