Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 6 қыркүйектегі № 12 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері орынбасарының 2021 жылғы 27 қыркүйектегі № 12-3 Қаулысы
Мен, Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің орынбасары С. Слямгазина, мына құжаттарды:
Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2021 жылғы 7 қыркүйектегі, 2021 жылғы 22 қыркүйектегі шешімдерін;
«Ashyq» жобасын енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 24 қыркүйектегі № 44 қаулысын;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-293/2020 бұйрығымен бекітілген шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын және пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2021 жылғы 27 мамырдағы № ҚР ДСМ-47 бұйрығымен бекітілген «Жіті респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау және олардың асқынулары (пневмония), менингококк инфекциясы, COVID-19 коронавирустық инфекциясы, желшешек, скарлатина кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын (бұдан әрі - 2021 жылғы 27 мамырдағы № ҚР ДСМ-47 санитариялық қағидалары);
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 5 шілдедегі № ҚР ДСМ-78/2020 бұйрығымен бекітілген «Коронавирустық инфекцияның таралу қаупінің пайда болуының алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын;
Ауыр жіті респираторлық синдром-2 (SARS-CoV-2) коронавирусынан туындаған коронавирустық инфекциясымен (бұдан әрі - CОVІD-19) сырқаттанушылық бойынша Шығыс Қазақстан облысындағы, Қазақстан Республикасының басқа облыстарындағы және іргелес мемлекеттердегі санитариялық-эпидемиологиялық ахуал туралы жедел мәліметтерді қарап,
Есептік өлшемшарттар негізінде CОVІD-19 науқастарын емдеуге арналған инфекциялық стационарлардағы төсек қорының (ТҚ) қамтылу пайызы - 17,7%, облыс бойынша инфекцияның репродуктивтік мәні (R) - 0,974 құрағанын анықтадым.
Шығыс Қазақстан облысының халқы арасында CОVІD-19 коронавирустық инфекциясының «дельта» («үнді» В.1.617.2), «альфа» («британдық» В.1.1.7), «бетта» («оңтүстік африка» В.1.351), «гамма» («бразилиялық» Р.1), «каппа» («үнді» В.1.617.1), «йота» («нью-йорк»), «ета» («нигерлік») және өзге де штаммдарының әкелінуі мен таралуының алдын алу мақсатында, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ Қазақстан Республикасы Кодексінің 38-бабының 1-тармағының 4) және 7) тармақшалары, 2-тармағының 3) тармақшасы, 102, 104-баптары негізінде, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Шығыс Қазақстан облысының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясымен сырқаттанушылықтың алдын алу жөніндегі шаралар туралы» Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 6 қыркүйектегі № 12 қаулысына келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) Қаулының 1-қосымшасындағы 8, 9, 59-тармақтар және ескертпе келесі редакцияда жазылсын:
8. | Медициналық-әлеуметтік объектілер және ардагерлер мен мүгедектерге арналған оңалту орталықтары | ✓ Рұқсат етілген Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимнің сақталуын қамтамасыз ету. |
9. | Секциялар, үйірмелер, факультативтер, балалар және ересектерге арналған білім беру орталықтары (қызметкерлер (персонал), 18 жастан асқан адамдар үшін | ✓ Рұқсат етілген Топтар бір адамға 4 м2 есебінен, балалар (ересектер) арасындағы қашықтықты сақтау шартымен құрылады, бірақ топта 15 баладан (ересектерден) аспауы керек, алдын ала жазылу бойынша. |
| Арнайы білім беру ұйымдары (психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері, оңалту орталықтары | Рұқсат етілген «2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 25 тамыздағы № 36 қаулысына сәйкес жұмыс істейді: сабақтар санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып және білім беру ұйымының басшысы бекітетін жеке кесте бойынша штаттық режимде өткізіледі. |
59. | Балалар сауықтыру лагерьлері/ұйымдары | ✓ Рұқсат етілген Толтырылуы 50%-дан аспаған кезде Стационарлық демалыс және сауықтыру ұйымдарының персоналын жұмысқа жіберу жұмыс басталғанға дейін кемінде 72 сағат бұрын жүргізілген COVID-19-ға зертханалық зерттеудің теріс нәтижесі немесе COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау болған кезде жүзеге асырылады Әрбір баланың лагерьге келген кезде денсаулық жағдайы туралы құжаты (079/е нысаны), инфекциялық аурулармен, оның ішінде COVID-19 бойынша байланыстың жоқтығы туралы анықтамалар, келгенге дейін кемінде 72 сағат бұрын жүргізілген COVID-19-ға зертханалық зерттеудің теріс нәтижесі бар құжаты болуы тиіс |
Ескертпе:
1* - «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер «Ashyq» жобасын енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 24 қыркүйектегі № 44 қаулысының 4 және 5 қосымшаларымен бекітілген «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу критерийлеріне» сәйкес жұмыс істейді»;
2) 9-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«9. Қалалар мен аудандардың әкімдері, «Атамекен» ҚР ҰКП Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасы және қалалар мен аудандардағы филиалдары (келісім бойынша), ШҚО кәсіпкерлік және индустриалық-инновациялық даму басқармасы, ШҚО полиция департаменті, қалалар мен аудандардың санитариялық-эпидемилогиялық бақылау басқармалары, «Ashyq» жобасына қатысатын кәсіпкерлік субъектілері:
1) ««Ashyq» жобасын енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 24 қыркүйектегі № 44 қаулысына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының аумағында «Ashyq» жобасын іске асыруды қамтамасыз етсін;
2) осы қаулының 2 және 3 қосымшаларына сәйкес «Ashyq» жобасын енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 24 қыркүйектегі № 44 қаулысымен бекітілген «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу өлшемшарттар талаптарының және «Жасыл мәртебесі» болған кезде «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілер қызметінің өлшемшарттар талаптарының орындалуын қамтамасыз етсін.
3) 2 және 3 қосымшалар осы қаулының 1 және 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.».
2. Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.
3. Осы қаулы барлық мүдделі ведомстволардың назарына жеткізілсін, халық ресми веб-ресурстар, БАҚ, әлеуметтік желілер және өзге де ақпараттық ресурстар арқылы хабардар етілсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және оның ресми күші жойылғанға дейін қолданылады.
Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің орынбасары | С. Слямгазина |
Шығыс Қазақстан облысының
Бас мемлекеттік санитариялық
дәрігері орынбасарының
2021 жылғы 27 қыркүйектегі
№ 12-3 қаулысына
1-қосымша
Шығыс Қазақстан облысының
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің
2021 жылғы 6 қыркүйектегі
№ 12 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасының
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігерінің
2021 жылғы 24 қыркүйектегі
№ 44 қаулысына
4-қосымша
«Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің
қызметін шектеу өлшемшарттары
№ | Объектілер/салалар **** | Жасыл аймақ | Сары аймақ | Қызыл аймақ |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | Мейрамхана, дәмхана және кофехана типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілері (үй-жайда)* | ✓ толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 70 орыннан асырмай | ✓ толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 60 орыннан асырмай | ✓ толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай |
| Алкогольдік ішімдіктерді сатпайтын асханалар типіндегі қоғамдық тамақтану объектілері (үй-жайда) | + тәулік бойы | + тәулік бойы | + тәулік бойы |
| Жазғы алаңдар | + | + | + |
| Фуд-корттар | ✓ толтырылуы 30%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай | ✓ толтырылуы 20%-ға дейін, бірақ 30 орыннан асырмай | ✓ толтырылуы 20%-ға дейін, бірақ 30 орыннан асырмай |
| Банкет залдары** (ас беруді өткізу үшін) | ✓ бір адамға кемінде 4 ш.м. алаңмен қамтамасыз ету, 50%-дан асырмай толтырылған кезде | ✓ бір адамға кемінде 4 ш.м., бірақ 50 адамнан аспайтын алаңмен қамтамасыз ету, 30%-дан асырмай толтырылған кезде | ✓ бір адамға кемінде 4 ш.м., бірақ 30 адамнан аспайтын алаңмен қамтамасыз ету, 30%-дан асырмай толтырылған кезде |
| Банкет залдары** (мейрамханалар және дәмхана типі бойынша келушілерге қызмет көрсету) | ✓ толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 70 орыннан асырмай | ✓ толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 60 орыннан асырмай | ✓ толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай |
2. | Сауналар, моншалар | + | + | + |
3. | СПА-орталықтар | + | + | + |
4. | Бассейндер | + | + | + |
5. | Спорттық-сауықтыру орталықтары және фитнес-орталықтары, йога-орталықтары | + | + | + |
6. | Мәдениет объектілері (дайындық) | ✓ 100 адамға дейін, сондай-ақ екі компонентпен вакцинацияланған адамдар | ✓ 50 адамға дейін, сондай-ақ екі компонентпен вакцинацияланған адамдар | ✓ 30 адамға дейін, сондай-ақ екі компонентпен вакцинацияланған адамдар |
7. | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, филармониялар* | ✓ 50%-дан асырмай толтыру | ✓ 40%-дан асырмай толтыру | ✓ 30%-дан асырмай толтыру |
8. | Облысаралық тұрақты емес (туристік) тасымалдар | + | ✓ 75%-дан асырмай, бірақ 25 адамнан артық емес толтырылған кезде | ✓ 75%-дан асырмай, бірақ 15 адамнан артық емес толтырылған кезде |
9. | Облысаралық және обылысішілік тұрақты тасымалдар | + | + | + |
10. | Қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар | + | ✓ 75%-дан асырмай, бірақ 25 адамнан артық емес толтырылған кезде | ✓ 75%-дан асырмай, бірақ 15 адамнан артық емес толтырылған кезде |
11. | Бильярд | ✓ 50%-дан асырмай толтыру | ✓ 50%-дан артық емес толтырылған кезде | ✓ 30%-дан артық емес толтырылған кезде |
12. | Компьютерлік клубтар, PlayStation клубтарын қоса алғанда | ✓ 60%-дан асырмай толтыру | ✓ 50%-дан артық емес толтырылған кезде. Тек 12 жасқа толған және одан асқан адамдарға рұқсат етіледі | ✓ 30%-дан артық емес толтырылған кезде. Тек 12 жасқа толған және одан асқан адамдарға рұқсат етіледі |
13. | Боулинг | ✓ 50%-дан асырмай толтыру | ✓ 50%-дан артық емес толтырылған кезде | ✓ 30%-дан артық емес толтырылған кезде |
14. | Караоке | ✓ 50%-дан асырмай, бірақ 60 адамнан асырмай толтырған кезде | ✓ 50%-дан асырмай, бірақ 50 адамнан асырмай толтырған кезде | ✓ 50%-дан асырмай, бірақ 30 адамнан асырмай толтырған кезде |
15. | Океанариум | ✓ Топтық экскурсияларға рұқсат беру (15 адамнан артық емес) | ✓ Топтық экскурсияларға рұқсат беру (15 адамнан артық емес) | ✓ Топтық экскурсияларға рұқсат беру (15 адамнан артық емес) |
16. | Ерікті қатысушылар (киноиндустрия, ұйымдар, кеңселер және басқалар) | жеңілдіксіз | жеңілдіксіз | жеңілдіксіз |
17. | Лотерея клубтары және лотерея сататын өзге де орындар | ✓ бір адамға кемінде 4 ш.м., бірақ 60 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде | ✓ бір адамға кемінде 4 ш.м., бірақ 50 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде | ✓ бір адамға кемінде 4 ш.м., бірақ 30 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде |
18. | Алаңы 500 ш.м-ден 1000 ш.м-ге дейін болатын балалардың (жабық) ойын-сауық орталықтары | ✓ бір адамға кемінде 10 ш.м., бірақ 70 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде | ✓ бір адамға кемінде 10 ш.м., бірақ 50 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде | ✓ бір адамға кемінде 10 ш.м., бірақ 30 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде |
| Алаңы 1000 ш.м-ден 3000 ш.м-ге дейін болатын балалардың (жабық) ойын-сауық орталықтары | ✓ бір адамға кемінде 10 ш.м., бірақ 120 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде | ✓ бір адамға кемінде 10 ш.м., бірақ 100 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде | ✓ бір адамға кемінде 10 ш.м., бірақ 60 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде |
19. | Цирктер | ✓ 50%-дан артық емес толтырылған кезде | ✓ 40%-дан артық емес толтырылған кезде | ✓ 30%-дан артық емес толтырылған кезде |
20. | Отельдер, қонақ үйлер | + | + | + |
21. | Әуежайлар | + | + | + |
22. | Теміржол вокзалдары, автомобиль және су вокзалдары, өзен және теңіз порттары, автостанциялар, автоөтпе жолдары, жолаушыларға қызмет көрсету пункттері | + | + | + |
23. | ХҚО***** | + | + | + |
24. | Сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда желілері | + | + | + |
25. | Базарлар (жабық) | + | + | + |
26. | Балалар сауықтыру ұйымдары | + | + | ✓ 50%-дан артық емес толтырылған кезде |
27. | Букмекерлік конторалар | ✓ бір адамға кемінде 4 ш.м., бірақ 60 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде | ✓ бір адамға кемінде 4 ш.м., бірақ 50 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде | ✓ бір адамға кемінде 4 ш.м., бірақ 30 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде |
28. | Сұлулық орталықтары мен салондары, шаштараздар, маникюр мен педикюр қызметтерін көрсету, косметикалық және косметологиялық қызметтер көрсету салондары (жазылу бойынша) | + | + | ✓ алдын ала жазылу бойынша |
29. | Білім беру объектілері, жоғары оқу орындары, колледждер, білім беру орталықтары (қызметкерлер (персонал), 18 жастан асқан адамдар үшін) | + | + | + |
Ескертпе:
- жұмыс күндері - «Ashyq» жобасына қатысушы барлық объектілер үшін сағат 00.00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшылары үшін - сағат 02.00-ге дейін;
- демалыс күндері - сағат 00.00-ге дейін, қызметкерлер мен келушілерде «жасыл мәртебе» болған жағдайда (вакцинация, сынама алған кезден бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тест, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, ауырып жазылған адамдар соңғы 3 ай ішінде) «Ashyq» жобасының көшбасшылары үшін - сағат 02.00-ге дейін
«+» - қызметіне рұқсат етілген;
«✓» - қызметіне ішінара рұқсат етілген (шектеулермен);
«-» - қызметіне тыйым салынған;
* - толтыруға қойылатын талаптар ҚР БМСД-ның 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 қаулысымен бекітілген объектілерге қойылатын талаптарда айқындалған.
** - банкет залдары ас беруді өткізу үшін және мейрамханалар, дәмхана типі бойынша келушілерге қызмет көрсету үшін жұмыс істейді.
*** - «қоңыр-қызыл» аймақ - тәуекел деңгейі өте жоғары аймақ (инфекциялық төсек-орындармен толтырылу көрсеткіші 70%-дан жоғары және 100 мың тұрғынға шаққанда 200-ден астам төсек-орынмен толтырылу көрсеткіші кезінде);
**** - тұрғын үй ғимараттарының үй-жайларында және тұрғын үй құрылысы аумақтарында шу көтерілетін объектілердің қызметі сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, ойын-сауық мекемелерінде-жұмыс күндері сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, демалыс және мереке күндері сағат 23-тен таңғы 10-ға дейін шектеледі («Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексінің 113-бабының 7 және 8-тармақтарына сәйкес);
***** - облыстық және республикалық маңызы бар қалаларда сағат 9-00-ден 20.00-ге дейін жұмыс режимімен ХҚКО-ның кезекші бөлімшелерін ұйымдастыруға жол беріледі.
Шығыс Қазақстан облысының
Бас мемлекеттік санитариялық
дәрігері орынбасарының
2021 жылғы 27 қыркүйектегі
№ 12-3 қаулысына
2-қосымша
Шығыс Қазақстан облысының
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігерінің
2021 жылғы 6 қыркүйектегі
№ 12 қаулысына
3-қосымша
Қазақстан Республикасының
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігерінің
2021 жылғы 24 қыркүйектегі
№ 44 қаулысына
5-қосымша
«Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін
шектеу өлшемшарттары, «жасыл мәртебе» болған кезде
№ | Объектілер/салалар **** | Жасыл аймақ | Сары аймақ | Қызыл аймақ |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | Салтанатты, естелік, отбасылық іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар) өткізу | ✓ толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 100 орыннан асырмай | ✓ толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 70 орыннан асырмай | ✓ толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай |
2. | Конференциялар, форумдар, ойын-сауық және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шаралар | ✓ толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 100 орыннан асырмай | ✓ толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 70 орыннан асырмай | ✓ толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай |
3. | Көрмелер | ✓ толтырылуы 70%-ға дейін, бірақ бір уақытта 500 келушіден асырмай | ✓ толтырылуы 70%-ға дейін, бірақ бір уақытта 300 келушіден асырмай | ✓ толтырылуы 70%-ға дейін, бірақ бір уақытта 200 келушіден асырмай |
4. | Марафондар (ашық ауада) | ✓ 100 адамнан артық емес | ✓ 800 адамнан артық емес | ✓ 500 адамнан артық емес |
5. | Көрермендермен спорттық іс-шаралар | ✓ 80%-дан артық емес толтырылған кезде | ✓ 70%-дан артық емес толтырылған кезде | ✓ 50%-дан артық емес толтырылған кезде |
6. | Спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары (жаттығулар) | ✓ 50%-дан артық емес толтырылған кезде | ✓ 30%-дан артық емес толтырылған кезде | ✓ 20%-дан артық емес толтырылған кезде |
7. | Діни объектілер (жабық үй-жайларда ұжымдық құдайға құлшылық ету) | ✓ 50%-дан артық емес толтырылған кезде | ✓ 30%-дан артық емес толтырылған кезде | ✓ 20%-дан артық емес толтырылған кезде |
8. | Ойын клубтары (казино) | + | + | ✓ 50 адамнан артық емес |