Меншік иесімен тасталған тұрғын үйге құқық жөніндегі дауларды соттардың қарау практикасы туралы (2008.22.12. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2017 жылғы 31 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Тасталған тұрғын үйді иелену, пайдалану және билік ету жөнінде құқықтарды қалпына келтіру туралы меншік иелерінің талаптары бойынша істерді қарау кезінде туындаған мәселелерге байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді: 1. Меншік иелерімен тасталған тұрғын үйді иелену, пайдалану және билік ету жөніндегі дауларды шешу кезінде соттар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (бұдан әрі - АК), Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің (бұдан әрі - АІЖК), «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) ережелерін және өзге де нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алулары қажет. 2. ҚР Жоғарғы Сотының 2008.22.12. № 26 Нормативтік қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 3. АК-нің 250-бабының негізінде, меншік құқығынан бас тарту бұл жөнінде жариялаумен немесе меншік иесінің сол тұрғын үйге қандай да болсын құқықтарын сақтау ниетінсіз меншік құқығынан шеттейтіні туралы айқын дәлелдейтін басқа да әрекеттерінен көрінуі мүмкін. Тұрғын үйге меншік құқығынан бас тарту тек меншік иесі болып табылатын азамат немесе заңды тұлғада ғана туындауы мүмкін. Заңмен белгіленген иеліктен шығару жағдайларын қоспағанда, мемлекет және оның органдары өздеріне тиесілі тұрғын үйге меншік құқығынан бас тартуға құқылы емес. 4. Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабына сәйкес, меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс. АК-нің 250-бабына Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|