Семей қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабы 4-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, Семей қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Семей қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидалары бекітілсін. 2. Әкімдіктің осы қаулысының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Д. А. Гариковқа жүктелсін. 3. Әкімдіктің осы қаулысы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен қолданысқа енгізіледі.
2021 жылғы 15 желтоқсандағы № 2725 қаулысымен бекітілген
Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 365-бабы 4-тармағының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің тәртібін айқындайды. 2. Коммуналдық қалдықтар деп мынадай тұтыну қалдықтары түсініледі: 1) өзгелермен қатар қағаз бен картонды, шыныны, металдарды, пластмассаны, органикалық қалдықтарды, сүректі, тоқыманы, қаптаманы, пайдаланылған электр және электрондық жабдықтарды, батареялар мен аккумуляторларды қоса алғанда, үй шаруашылықтарының аралас қалдықтары мен бөлек жиналған қалдықтары; 2) мұндай қалдықтар аралас қалдықтар және басқа көздерден бөлек жиналған қалдықтар, егер өзінің сипаты мен құрамы бойынша үй шаруашылықтарының қалдықтарына ұқсас болса. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|