Қылмыстық істер бойынша дәлелдемелерді бағалаудың кейбір мәселелері туралы (2010.25.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2017 жылғы 31 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қылмыстық істер бойынша дәлелдемелерді бағалау бойынша қылмыстық іс жүргізу заңын біркелкі қолдану мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді: 1. Қылмыстық істер бойынша дәлелдемелерді бағалау кезінде қылмыстық процесті жүргізетін орган Қазақстан Республикасының Конституциясы мен және Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің нормаларымен (бұдан әрі - ҚІЖК) белгіленген принциптерді қатаң сақтауға міндетті. Қылмыстық процесс принциптерін бұзу, олардың сипаты мен мәніне қарай, ҚІЖК-нің 9-бабында көрсетілген салдарға әкеп соқтырады. Мұндай жағдайларда сот үкімде (қаулыда) бұзылған принциптің сипаты мен мәнін ашып көрсетуі тиіс. 2. ҚІЖК-нің 115-бабының бірінші бөлігіне сәйкес, қылмыстық процесті жүргізуші орган іс жүргізу заңымен белгіленген тәртіппен алынған қылмыстық әрекеттің болғандығын немесе болмағандығын, айыпталушының бұл әрекетті жасағандығын немесе жасамағандығын және айыпталушының кінәлілігін не кінәлі емес екендігін, сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін маңызы бар өзге де мән-жайларды анықтау барысында негізделген заңды түрде алынған іс жүзіндегі деректер қылмыстық іс бойынша дәлелдемелер болып табылады. Қылмыстық істің дұрыс шешілуі сезіктінің, айыпталушының, сотталушының, жәбірленушінің, куәнің айғақтарымен, сарапшының қорытындысымен, заттай дәлелдемелермен, іс жүргізу әрекеттерінің хаттамаларымен және өзге де құжаттармен анықталған іс жүзіндегі деректерге ғана негізделуі тиіс. Олар жедел-іздестіру қызметі, қылмыстық істі қозғағанға дейін материалдарды тексеру, іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу мен басты сот талқылауы барысында алынуы мүмкін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|