«Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 сәуірдегі № 175 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 сәуірдегі № 175 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберу, сондай-ақ жүріп-тұру еркіндігін алдын ала шектеу туралы өзіне қатысты сот шешімі шығарылған шығарып жіберілетін адамды ішкі істер органдарының арнаулы мекемесінде ұстау қағидаларын бекіту туралы»; кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі 70-бабының бірінші бөлігіне, «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңының 28-бабына және «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 60-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қоса беріліп отырған Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберу, сондай-ақ жүріп-тұру еркіндігін алдын ала шектеу туралы өзіне қатысты сот шешімі шығарылған шығарып жіберілетін адамды ішкі істер органдарының арнаулы мекемесінде ұстау қағидалары бекітілсін.»; көрсетілген қаулымен бекітілген Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберу қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|