|
Үржар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымындағы № 53-656/VI «Үржар ауданында тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Үржар аудандық мәслихаты ШЕШТІ: 1. Үржар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымындағы № 53-656/VI «Үржар ауданында тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 7281 нөмірімен тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін: шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын: «Үржар ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидасы мен мөлшерін бекіту туралы»; шешімнің 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын: «1. Үржар ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасы мен мөлшерін осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.»; көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы жаңа редакцияда жазылсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|