Облыстық мәслихаттың 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 21/304 «2015-2017 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына және «2015 - 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 1300 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2015 жылғы 13 наурыздағы № 139 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес, облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Облыстық мәслихаттың 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 21/304 «2015 - 2017 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2567 болып тіркелген, «Маңғыстау» газетінің 2015 жылдың 10 қаңтардағы № 5-6 санында жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін: 1.2015 - 2017 жылдарға арналған облыстық бюджет қосымшаға сәйкес, тиісінше, оның ішінде 2015 жылға, мынадай көлемдерде бекітілсін: «1) кірістер - 94 355 693 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер бойынша - 54 435 363 мың теңге; салықтық емес түсімдер бойынша - 1 238 150 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 10 865 мың теңге; трансферттер түсімдері бойынша - 38 671 315 мың теңге; 2) шығындар - 95 299 440 мың теңге; 3) таза бюджеттік несиелендіру - 4 684 312 мың теңге, оның ішінде: бюджеттік кредиттер - 8 354 800 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу - 3 670 488 мың теңге; 4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 698 988 мың теңге, оның ішінде: қаржы активтерін сатып алу - 698 988 мың теңге; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге: 5) бюджет тапшылығы (профициті) - 6 327 047 мың теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 6 327 047 мың теңге.»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|