Ұлытау облысы әкімдігінің 2023.28.07. № 39/03 Қаулысымен ереже жаңа редакцияда Ұлытау облысы әкімдігінің 2022 жылғы 29 маусымдағы № 03/14 Қаулысымен бекітілді
«Ұлытау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ (2023.28.07. берілген өзгерістермен)
1. «Ұлытау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі бюджеттің атқарылуы және облыстық коммуналдық мүлікті басқару Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. 2. «Ұлытау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің, Ұлытау облысы әкімінің және әкімдігінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. «Ұлытау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады. 4. «Ұлытау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. 5. «Ұлытау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі, егер заңнамаға сәйкес осыған өкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар. 6. «Ұлытау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Ұлытау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды. 7. «Ұлытау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі. 8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 100600, Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы, Алаш алаңы, 1. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|