Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 9 қазандағы № 107-2157 Қаулысымен күші жойылды
Астана қаласы әкімдігінің 2017.13.07. № 107-1408 Қаулысымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 28 қыркүйектегі № 107-1679 қаулысына 4-қосымша
«Орта білім беретін үздік ұйым» грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (2017.13.07. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Астана қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Осы «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі - Регламент) «Балаларға қосымша білім беру және «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын тағайындау конкурсын өткізу саласындағы жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 170 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тіркелімінде № 10980 болып тіркелген) «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) негізінде әзірленген. 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі өтінішті қабылдаған нөмірі, күні және уақыты көрсетілген барлық құжаттарды алғаны туралы қолхат беру болып табылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|