Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қабылданды - ҚР 2023 жылғы 2 қазандағы № 31-VIII Заңын қараңыз
ҚР Заңының жобасы ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 10 қарашадағы № 801 Қаулысымен ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілді
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексіне: 48-бап мынадай мазмүндағы 5-тармақпен толықтырылсын: «5. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы қоғамдық бақылауды осы Кодекске немесе «Қоғамдық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қоғамдық бақылау субъектілері жүзеге асырады,». 2. 2020 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне: 1) 4-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 31-1) тармақшамен толықтырылсын: «31-1) петиция - мемлекеттік органға, жергілікті өкілді және атқарушы органға электрондық нысанда жіберілген және осы Кодекстің 12-1-тарауында белгіленген тәртіппен қаралатын ұжымдык хабар, үн қосу немесе ұсыныс;»; 2) мынадай мазмұндағы 12-1-тараумен толықтырылсын: «12-1-тарау. ПЕТИЦИЯЛАР 90-1-бап. Жалпы ережелер 1. Петицияны мемлекеттік орган, жергілікті өкілді және атқарушы орган осы Кодексте белгіленген тәртіппен, осы тарауда белгіленген ерекшеліктермен қарайды. 2. Осы тараудың мақсаттары үшін осы Кодексте белгіленген тәртіппен петиция берген Қазақстан Республикасының азаматы арыз иесі деп түсініледі. 90-2-бап. Петицияны беру тәртібі 1. Арыз иесі петицияны мемлекет пен азаматтық қоғамның озара іс-қимылы саласындағы уәкілетті орган айқындайтын интернет-ресурс (бұдан әрі - интернет-ресурс) арқылы береді. 2. Петицияны интернет-ресурста жария қолжетімділікте орналастыру үшін петиция мынадай: 1) берілген күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының кемінде жүз елу азаматының петицияға қосылуы; 2) петицияның осы Кодекстің 90-3, 90-4-баптарында белгіленген талаптарға сәйкестігі; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|