Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволары арасында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі интернет-ресурсының бөлімдері бойынша міндеттерді бөлуді бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңының 16-бабына және 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңның 60-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволары арасында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі интернет-ресурсының бөлімдері бойынша міндеттерді бөлу бекітілсін. 2. Құрылымдық бөлімшелер мен ведомстволардың басшылары министрліктің ресми интернет-ресурсының айдарларын тұрақты негізде уақтылы толықтыруды және жаңартып отыруды қамтамасыз етсін. 3. Әкімшілік департаменті министрліктің құрылымдық бөлімшелері орналастырған ақпаратты Министрліктің интернет-ресурсында мемлекеттік тілде тексеруге жауапты қызметкерді белгілесін. 4. Министрліктің электрондық денсаулық сақтауды дамыту департаменті есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-күніне дейін Министрлік аппаратының басшысына Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің Министрліктің интернет-ресурсында ақпаратты орналастыру нәтижелері туралы тоқсан сайынғы есепті енгізсін. 5. Құрылымдық бөлімшелер мен ведомстволар есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей Министрліктің интернет-ресурсында ақпаратты өзектендіру бойынша атқарылған жұмыс туралы ақпаратты электрондық денсаулық сақтауды дамыту департаментіне ұсынсын. 6. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми интернет-ресурсты толықтыруға және өзекті етуге жауапты құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволарын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 225 бұйрығының күші жойылсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|