«Мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығаруға нарядтар беру нысанын және қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 747 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығаруға нарядтар беру нысанын және қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 747 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12516 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылы 31 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «Мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығаруға немесе кәдеге жаратылған тауарларды өткізуге нарядтар беру нысанын және қағидаларын бекіту туралы»; кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 860 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операциялар жүргізу қағидаларының 39-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Мына: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығаруға немесе кәдеге жаратылған тауарларды өткізуге наряд нысаны; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығаруға немесе кәдеге жаратылған тауарларды өткізуге нарядтар беру қағидалары бекітілсін.»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығаруға немес кәдеге жаратылған тауарларды өткізуге наряд нысаны осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|