«Камералдық кедендік тексеру жүргiзудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 24 маусымдағы № 621 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Камералдық кедендік тексеру жүргiзудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 24 маусымдағы № 621 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18891 болып тіркелген, 2019 жылғы 1 шілдеде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізiлсiн: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Камералдық кедендік тексеру жүргiзудің басталуы туралы тексерілетін тұлғаны хабардар ету қағидаларында: 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Кодекстің 417-бабы 3-тармағында көзделген камералдық кедендік тексеру жүргізу үшін негіз болған жағдайда мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлға мемлекеттік кірістер органының басшысы немесе мемлекеттік кірістер органы басшысының орынбасары рұқсат еткен күннен кейінгі 10 (он) жұмыс күні ішінде тексерілетін тұлғаны осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша камералдық кедендік тексеру жүргізудің басталуы туралы хабарламаны (бұдан әрі - Хабарлама) жолдау жолымен хабардар етеді. Камералдық кедендік тексеруді жүргізу барысында мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлға тексерілетін тұлғаға Кодекстің 417-бабы 5-тармағына сәйкес осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттар және (немесе) мәліметтер ұсыну жөнінде талап жолдайды.»; 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Хабарлама тексерілетін тұлғаға төменде тізбеленген тәсілдердің бірімен: 1) тексерілетін тұлғаға өзіне қол қойдырумен табыс етіледі немесе алғаны туралы хабарламасы бар тапсырыс пошталық жөнелтіліммен; 2) электрондық тәсiлмен жолданады. Бұл ретте Хабарлама электрондық тәсілмен: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|