|
|
|
13.09.2022 Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде
Мемлекеттік тіл егемен еліміздің негізгі рәміздерінің бірі. Тіл ұлт пен ұлтты жақындастыратын ең үлкен қатынас құралы. Қазақ тілі-Қазақстан Республикасының Конституциялық мәртебесі бойынша,халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілі. Ұлтың сақталуына да, жоғауына да себеп болатын нәрсенің ең қуатысы тіл. Қазақ тілі-тек қана қазақ халқының тілі емес, мемлекеттік тіл-ортақ тіліміз. Тіл-халықтың мәңгілік халық болып қалуының айғағы. Тіл-өткеннің ұрпаққа қалдырған аманаты, бүгінгі күннің абыройы,ертеңгі күннің кепілі. Қазақстанның болашағы –қазақ тілінде.Тілсіз ұлт болмайды. Тіл-әрбір ұлттың мақтанышы,жан дүниесінің айнасы. Ол қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдыретті. Мемлекеттік тіл- мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекетік басқару, заң шығару,сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі.Тіл-ұлттың аса ұлы игілігі әрі оның өзіне тән ажырағысыз белгісі. Мемлекеттік тілді өркендету-барша азаматың, аса жауапты және абыройлы міндеті. Ұлттық тіл ұлттық сананың,ұлттық намыстың жоғарылығына,оның қажеттілік деңгейіне байланысты екенін жадымыздан шығаруымыз қажет. Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Әлем таныған ел болу үшін тіліміздің жұлдызын биіктетіп,жарқыратуымыз керек.
Көкшетау қаласының мамандандырылған тергеу сотының төрағасы И.Қ.Кәкім
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |