Осы редакция 2018 жылғы 18 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Білім және ғылым министрінің 2016.22.01. № 63 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 200 бұйрығына 3-қосымша
«Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; 2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы» (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: 1) көрсетілетін қызметті берушіге және Мемлекеттік корпорацияға қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап - 20 күнтізбелік күн; Мемлекеттік корпорацияға жүгінген жағдайда қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді. 2) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 10 минут, Мемлекеттік корпорацияда - 15 минут; 3) көрсетілген қызметті берушіде көрсетілген қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 минут, Мемлекеттік корпорацияда - 20 минут. 5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз жүзінде. 6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқасы. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|