Осы редакция 2016 жылғы 15 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 15 маусымдағы № А-6/276 қаулысымен бекітілді
«Жергілікті спорт федерацияларына аккредиттеу туралы куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Жергілікті спорт федерацияларына аккредиттеу туралы куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызмет беруші) көрсетілетін қызметті берушімен немесе www.e.gov.kz (бұдан әрі - Портал) «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетіледі. 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: электронды (жартылай автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. 3. Аккредиттеу туралы куәлік, аккредиттеу туралы қайта рәсімделген куәлік, аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі болып табылады. 4. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық (жартылай автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлер) іс-әрекет тәртібінің сипаттамасы
5. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 139 бұйрығымен бекітілген «Жергілікті спорт федерацияларына аккредиттеу туралы куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 9-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырады. 6. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) мазмұны, оны орындау ұзақтығы: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттарды қабылдауды, оларды тіркеуді және басшылыққа тапсыруды жүзеге асырады - 15 минут. Нәтижесі - өтінішті тіркеу, қызмет алушыға қолхат беру; 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы хат-хабармен танысады - 30 минут. Нәтижесі - жауапты орындаушыны анықтау; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|