|
|
|
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015.14.01. № 10 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2018.15.06. № 374 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2019.19.04. № ҚР ДСМ-43 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2020.21.03. № ҚР ДСМ-19/2020 бұйрығымен (бұр.ред.қара) қағида жаңа редакцияда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 18 қарашадағы № 736 бұйрығына 2-қосымша
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 27 қаңтардағы № ҚР ДСМ-10 бұйрығымен күші жойылды
Медициналық бұйымдарға сараптама жүргізу қағидалары (2020.10.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Осы медициналық бұйымдарға сараптама жүргізу қағидалары (бұдан әрі - қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 63-бабына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес әзірленді және медициналық бұйымдарға сараптама жүргізу тәртібін айқындайды. 2. Медициналық бұйымдардың сараптамасын Кодекстің 63-бабының 2-тармағына сәйкес дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымы (бұдан әрі - мемлекеттік сараптама ұйымы) өтініш берушімен жасалған медициналық бұйымға сараптама жүргізуге арналған шарт негізінде жүргізеді. Медициналық бұйымның сараптама құнын төлеу «Мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтерге бағаларды белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 31 тамыздағы № 671 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16002 болып тіркелген) бекітілген прейскурантқа сәйкес жүзеге асырылады. 3. Сараптамаға Қазақстан Республикасында өндірілген, сондай-ақ оның аумағына әкелінетін медициналық бұйымдар жатады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |