«Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамын құру туралы (2017.29.12. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2021 жылғы 20 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - қоғам) құрылсын. 2. Халықаралық көрмелерді ұйымдастыру және өткізу; мынадай іс-шаралар: балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту, келу туризмінің ағысын көбейту, медициналық туризмді дамыту, жәрмеңкелер, аукциондар, ел имиджін ілгерілетуге бағытталған іскерлік және ойын-сауық іс-шараларын ұйымдастыру, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сыртқы экономикалық және инвестициялық қызмет, Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған басқа да қызмет түрлері қоғам қызметінің негізгі нысанасы болып айқындалсын. 3. Қоғамның жарғылық капиталы осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының теңгеріміндегі республикалық мүлік есебінен қалыптастырылсын. 4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесіп қоғам жарғысын әзірлеуді және бекітуді және оның Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін; 2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі мүшелерінің қоғамның директорлар кеңесінің құрамына сайлануын; 3) қоғамның мемлекеттік акциялар пакетіне иелік ету және пайдалану құқықтарының Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетіне берілуін; 4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|