Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 5 қазандағы № 106-1854 қаулысына 2-қосымша
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 15 ақпандағы № 106-458 Қаулысымен күші жойылды
«Фармацевтикалық қызметке лицензия беру»
1. Жалпы ережелер
1. «Фармацевтикалық қызметке лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 293 бұйрығымен бекітілген «Фармацевтикалық қызметке лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) (Нормативтік құқықтық актілерің мемлекеттік тізілімінде № 11338 болып тіркелді) негізінде Астана қаласы әкімдігінің уәкілетті органы - «Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі немесе «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі - портал); 2) www.e.gov.kz, www.elіcense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - лицензия, қайта ресімделген лицензия, фармацевтикалық қызметке лицензияның телнұсқасы. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. Порталда мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|