Есіл ауданының елді мекендерінде салық салу объектіcінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы
Ақмола облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 8 қарашадағы № а-11/240 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі)» Кодексінің 529 - бабының 6 - тармағына сәйкес, Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулының 1, 2-қосымшаларына сәйкес Есіл ауданының елді мекендерінде салық салу объектіcінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері бекітілсін. 2. Есіл ауданы әкімдігінің қаулыларының күші жойылды деп танылсын: «Салық салу объектіcінің Есіл ауданының елді мекендерінде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы» 2018 жылғы 22 қарашадағы № а-11/331 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6864 болып тіркелген, 2018 жылғы 30 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған); «Есіл ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 22 қарашадағы № а- 11/331 «Салық салу объектіcінің Есіл ауданының елді мекендерінде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2020 жылғы 26 қазандағы № а-10/323 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8096 болып тіркелген, 2020 жылғы 28 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған). 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. И. Баймановқа жүктелсін. 4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»: «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Есіл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|