«Алматы қаласы мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау Әдістемесін бекіту туралы
VІ сайланған Алматы қаласы мәслихатының XXVII сессиясының 2018 жылғы 17 сәуірдегі № 211 шешімімен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 3-тармағының 7) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 5-тармағына, «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасының 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 110 бұйрығына сәйкес VІ сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ: 1. Қоса беріліп отырған «Алматы қаласы мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау Әдістемесі бекітілсін. 2. «Алматы қаласы мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау Әдістемесін бекіту туралы» Алматы қаласы мәслихатының V сайланған LI сессиясының 2016 жылғы 11 наурыздағы № 423 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1274 болып тіркелген, 2016 жылғы 14 сәуірде «Алматы Ақшамы» № 44 и «Вечерний Алматы» № 46 газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 3. Алматы қаласы мәслихатының аппараты осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, оны кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және ресми интернет-ресурста жариялауды қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|