|
Мәслихаттың 2020 жылғы 29 қыркүйектегі № 539 «Қостанай облысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Қостанай облыстық мәслихатының «Қостанай облысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 29 қыркүйектегі № 539 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9480 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: көрсетілген шешіммен бекітілген Қостанай облысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың қағидаларында: 6) тармақша жаңа редакцияда жазылсын: «6) жайылымдар - ауыл шаруашылығы жануарларын жыл бойы немесе маусымдық жаю үшін берілетін және пайдаланылатын жер учаскелері. Жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын жаю кезінде жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормалары сақталған кезде жайылымдардың өнімділігі жайылатын ауыл шаруашылығы жануарларына жемшөп қажеттілігінен асатын жағдайларда жемшөп дайындау мақсатында шөп шабуға жол беріледі;»; мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын: «6-1) көпшілік пайдаланатын жайылымдар - елді мекендердің іргелес аумағында орналасқан және мемлекет меншігіндегі, жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларының аналық мал басын жаю бойынша жергілікті халық мұқтажын қанағаттандыруға арналған жайылымдар;»; 6) тармақша жаңа редакцияда жазылсын: «6) ауыл шаруашылығы жануарларын жаю орнына дейін және кері қарай айдап өту (айдау), жаю, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарлары иелерінің немесе олар уәкілеттік берген адамдардың қадағалауынсыз ауыл шаруашылығы жануарларының орнын ауыстыруға жол берілмейді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|