Осы редакция 2016 жылғы 19 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 160/5 қаулысымен бекітілді
«АИТВ-инфекцияның болуына ерікті анонимді және міндетті құпия медициналық тексерілу»
1. «АИТВ-инфекцияның болуына ерікті анонимді және міндетті құпия медициналық тексерілу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдар, ЖИТС-тың алдын алу және күресу жөніндегі орталықтар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» № 272 бұйрығымен бекітілген «АИТВ-инфекцияның болуына ерікті анонимді және міндетті құпия медициналық тексерілу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) қосымшасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің теріс нәтижелерін растайтын адамның иммунитет тапшылығы вирусына қарсы антиденеге арналған зерттеу туралы анықтама-сертификат. Анықтама-сертификат берілген сәтінен бастап 3 (үш) ай ішінде жарамды болады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
4. Стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттар тізбесі мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіздеме болып табылады. 5. Көрсетілетін қызметті беруші арқылы мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны: көрсетілетін қызметті берушінің психоәлеуметтік консультация өткізуі, өтінішті қабылдауы, тіркеуі және тестілеуге қан алуы (1 жұмыс күнінен аспайды); АИТВ-ға антиденелердің болуына тестілеу өткізу (1 жұмыс күнінен аспайды); Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|