Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің 2021 жылғы 21 желтоқсандағы № КГД-07-1-15/24341-И Хаты
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі-Комитет) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 20 желтоқсандағы № 85-VII ЗРК Заңына қол қоюға байланысты салық заңнамасының негізгі өзгерістері бойынша шолу хат жолдайды. «Салық төлеушінің төлқұжатын» енгізу Салық кодексін 1-бабын 57-1) тармақшамен және 75-1-бабымен толықтыру (2022 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі) «Салық төлеушінің төлқұжаты» ұғымы халықты (сатып алушыларды, қызметтерді пайдаланушыларды), контрагенттерді және басқаларды ақпараттандыру үшін салық органдары қалыптастырған салық міндеттемелерін орындау туралы мәліметтерге ашық қол жетімділікті ұсыну мақсатында енгізілген. Салық төлеушінің төлқұжаты қоғамдық тамақтану және сауда саласындағы қызметті жүзеге асырушы салық төлеушілермен бақылау-касса машиналары орналастырылған және халықты ақпараттандыру үшін жалпыға бірдей қолжетімді жерде орналастырылады. «Салықтық мобильді қосымша» ұғымын енгізу Салық кодексінің 1-бабы 1-тармағының 63) тармақшасымен, 73-бабы 5-тармағының 5) тармақшасымен, 115-бабы 1-тармағының 2) тармақшасының алтыншы және жетінші абзацтарымен толықтыру (2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|