Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарындағы профессор-оқытушылар құрамы үшін ұсынылатын педагогикалық жүктеме мен ең төменгі жалақыны айқындау туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 122 бұйрығы
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы қаулысына, профессор-оқытушылар құрамының (бұдан әрі - ОПҚ) жалақы деңгейі мен оқу жүктемесінің мониторингі қорытындысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының (бұдан әрі - ЖЖОКБҰ) штаттағы ОПҚ-ның ұсынылатын педагогикалық жүктемесі (білім алушының оқытушының басшылығымен өзіндік жұмысын қоса алғанда) оқу жылына 680 академиялық сағаттан аспайтын 1 ставка көлемінде айқындалсын. Бұл ретте аудиториялық (байланыс) жұмыс көлемі педагогикалық жүктеменің жалпы көлемінің кемінде 50%-ын құрайды. 2. ЖЖОКБҰ-ның штаттағы зейнеткерлік жасқа жеткен ОПҚ-ның 1 ставка көлемінен аспайтын мөлшерде ұсынылатын педагогикалық жүктемесі анықталсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|