Қобда ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы
«Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 2), 3) тармақшаларына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына және 27-бабының 2-тармағына сәйкес және Қобда ауданының өкiлдi және атқарушы органдарының ұсыныстарын ескере отыра, Ақтөбе облысының әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Қоса беріліп отырған № 1 схемалық картаға сәйкес Бұлақ ауылдық округінің шекаралары, оның құрамынан жалпы көлемі 36451 гектар аумақты, соның ішінде Талдысай ауылын шығара отырып өзгертілсін. Жалпы көлемі 84697 гектар Бұлақ ауылдық округінің шекаралары белгіленсін. 2. Қоса беріліп отырған № 1 схемалық картаға сәйкес, әкімшілік орталығы Талдысай ауылы болып, оның құрамына жалпы көлемі 36451 гектар аумақты, соның ішінде жалпы көлемі 5127 гектар Талдысай ауылын қоса отырып, Талдысай ауылдық округі құрылсын. 3. Құрсай, Исатай, Жаңаталап ауылдық округтері таратылсын. 4. Қоса беріліп отырған № 2 схемалық картаға сәйкес Қобда ауылдық округінің шекаралары, оның құрамына таратылатын Құрсай ауылдық округінің жалпы көлемі 54761 гектар аумағын, соның ішінде жалпы көлемі 6963 гектар Құрсай ауылын қоса отырып өзгертілсін. Жалпы көлемі 65731 гектар Қобда ауылдық округінің шекаралары белгіленсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|