Осы редакция 2018 жылғы 29 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 555 бұйрығына 3-қосымша
«Жылжымалы құрам кепілін мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (2018.28.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Жалпы ережелер
1. «Жылжымалы құрам кепілін мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі. ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2016.21.01. № 40 бұйрығымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2017.28.04. № 249 бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Көлік комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру: 1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамы» (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация); 2) екінші деңгейдегі банктер (бұдан әрі - ЕДБ); 3) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі) (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2016.21.01. № 40 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2017.28.04. № 249 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді; ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2017.12.07. № 465 бұйрығымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: 1) Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсыру - 2 (екі) жұмыс күні; құжаттар топтамасын тапсыру кезінде кезек күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут; көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 20 (жиырма) минут; қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|