Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі бөліністері үшін көлік құралдарының заттай тиесілік нормаларын бекіту туралы (2020.22.12. берілген өзгерістермен)
ҚР Ішкі істер министрінің 2020.22.12. № 870 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 69-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі бөліністері үшін көлік құралдарының заттай тиесілік нормалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі көлік құралдарын сатып алуды республикалық және жергілікті бюджеттен тиісті қаржы жылына бөлінген қаражат есебінен және шегінде кезең-кезеңімен заңда белгіленген тәртіпте жүзеге асырсын. 3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тыл департаменті: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорынға жолдауды; 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; 5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жүмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|