Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, жергілікті және басқа да соттардың ашық деректер тізбесін бекіту туралы
ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (ҚР Жоғарғы Соты аппараты) басшысының м.а. 2022 жылғы 21 ақпандағы № 11 бұйрығымен күші жойылды
«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 24 қарашадағы Заңының 9-бабының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, жергілікті және басқа да соттардың ашық деректер тізбесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Ақпараттық технологиялар және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімі: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялануын; 3) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгеннен кейін Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкiнде орналастыру үшін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін; 4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|