1994 жылғы 9 қыркүйектегі Еуразиялық патент конвенциясына Өнеркәсіптік үлгілерді қорғау туралы хаттама (Нұр-Сұлтан 2019 жылғы 9 қыркүйек)
ҚР 2020 жылғы 23 қарашадағы № 377-VI Заңымен ратификацияланды 2021 жылғы 12 сәуірде күшіне енді
Осы 1994 жылғы 9 қыркүйектегі Еуразиялық патент конвенциясына Өнеркәсіптік үлгілерді қорғау туралы Хаттамаға қатысушы мемлекеттердің (бұдан әрі - Уағдаласушы мемлекеттер) үкіметтері атынан, өнеркәсіптік меншік объектілерін қорғаудың еуразиялық жүйесін кеңейту қажеттілігін назарға ала отырып, барлық Уағдаласушы мемлекеттердің аумағында қолданылатын бірыңғай еуразиялық патент негізінде өнеркәсіптік үлгілерді қорғаудың мемлекетаралық жүйесін құруға ұмтыла отырып, Уағдаласушы мемлекеттердің ішкі нарығын дамыту және олардың аумақтарының сауда мен инвестициялық қызметті дамыту үшін тартымдылығын арттыру мақсатында төмендегілер туралы келісті:
1-бап
(1) Осы хаттама 1883 жылғы 20 наурыздағы Өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Париж конвенциясының (бұдан әрі - Париж конвенциясы) 19-бабына сәйкес арнайы келісімді білдіреді. (2) Уағдаласушы мемлекеттер осы Хаттамамен Еуразиялық патент ұйымының (бұдан әрі - ұйым) өнеркәсіптік меншік объектілерін қорғау саласындағы 1994 жылғы 9 қыркүйектегі Еуразиялық патент конвенциясында (бұдан әрі - Конвенция) көзделген функцияларын кеңейтеді. (3) Осы Хаттама кез келген Уағдаласушы мемлекеттің өнеркәсіптік үлгілерге қатысты ұлттық патенттерін немесе басқа да қорғау құжаттарын беру құқықтарын қозғамайды.
2-бап
(1) Конвенцияның 1(1)-бабына сәйкес құрылған Еуразиялық патент жүйесі және Конвенцияның 2(1)-бабына сәйкес құрылған Ұйым өзінің барлық органдарымен бірге Конвенцияға сәйкес берілетін өнертабыстарды қорғауға қатысты және осы Хаттамаға сәйкес берілетін өнеркәсіптік үлгілерді қорғауға қатысты жұмыс істейді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|