«Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппараты) басшысының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Аппараты) басшысының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізілетін осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің жергілікті соттардың жұмысын үйлестіру бөлімі: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуін; 2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сот Әкімшілігі басшысының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 4. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін Тізбенің 2-тармағының жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші абзацын, 3-тармағының он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырма тоғызыншы, отызыншы, отыз бірінші және отыз екінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Сот әкімшілігінің басшысы 2025 жылғы 3 маусымдағы № 2 Бұйрыққа қосымша
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|