Рельстер жəне рельстік бекітпелер ҚР СТ 1708-2007
Кіріспе
Осы стандарт жолдың жоғарғы құрылымының әрбір элементін жан-жақты сипаттау үшін әзірленген. Кейінгі жылдары жолдың жоғарғы құрылымын және оның элементтерін жобалау теориясын дамытуда үлкен жетістіктерге қол жеткізілді. Бұл алдымен, жертөсемнің тұрақтылығын есептеуге және жоғарғы құрылымды әртүрлі табиғи және климаттық жағдайлардың бұзуынан қорғайтын құрылғыларды жобалауға қатысты. Жоғарғы құрылымды жобалау және есептеу теориясын дамытумен қатар, оны салу жобасында, субұрғыштар мен қорғау құрылғыларының жаңа құрылмаларын, жертөсемін машиналар мен механизмдерді қолданып күтіп ұстау және жақсарту әдістерін дайындауда үлкен жетістіктерге қол жеткізілді. Бұрын қолданысқа енгізілген, жолдың жоғарғы құрылымы элементтерінің терминологиясын реттейтін стандарттар осы стандартқа қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады.
Осы стандарт рельстерге және рельстік бекітпелерге қатысты терминдер мен ұғымдар анықтамаларын белгілейді. Осы стандартта белгіленген терминдер теміржол көлігі саласындағы стандарттау және (немесе) өзге техникалық құжаттамалар бойынша жұмыстар аумағына кіретін құжаттар мен әдебиеттердің барлық түрлерінде қолданылады.
2 Нормативтік сілтемелер
Осы стандартта сілтемелер мынадай стандарттарға пайдаланылды: ҚР СТ ГОСТ Р 50542-2007 Рельстік жолдардың жоғарғы құрылымы үшін қара металдан жасалған бұйымдар. Терминдер мен анықтамалар ГОСТ 7173-54 Өнеркəсіптік көлік жолдарына арналған Р43 түріндегі теміржол рельстері. Құрылмалары мен өлшемдері. ГОСТ 7174-75 Р50 түріндегі теміржол рельстері. Құрылмалары мен өлшемдері. ГОСТ 11530-93 Теміржолдардың рельстік түйіспелеріне арналған бұрандамалар. Техникалық шарттар. ГОСТ 18267-82 Майда көлемді шыңдалу жолымен термоөңделген, кең табанды Р50, Р65 жəне Р75 түріндегі теміржол рельстері. Техникалық шарттар. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|