|
|
|
Әйелдердің саяси құқықтары туралы конвенция
Әйел құқығы – ол адам құқығы, олар әйелдердің әлеуметтік, экономикалық, мәдени, азаматтық және саяси мәртебесін белгілейді. Сондай-ақ әйелдердің кемсітуге ұшырамауына кепілдік береді. Әйелдер құқығы жөнінде Конвенция (бұдан әрі ӘҚЖК) 1953 жылы 31 наурызда қабылданып, 1954 жылғы 7 шілдеде күшіне енді. Бұл Конвенция әйел құқығы үшін құқықтық негізді белгілейді және әйелдер теңсіздігін өмірдің барлық саласы бойынша дамытады. Олар мемлекетті әйелдерге қатысты кемсітуді болдырмау үшін заңнамалар мен саясатқа өзгерістер енгізуіне міндеттейді. ӘҚЖК азаматтық құқықтарды және барша нақты әйелдердің құқықтық мәртебесін белгілейді. Сонымен қатар, адам құқығы саласындағы басқа шарттармен салыстырғанда, Конвенция адамның ұрпақты болу құқықтарына және мәдениеттің гендерлік қарым-қатынасқа әсеріне де қатысты болып табылады. Әйел құқығын қорғау саласында негізгі осы заманғы мәселелердің бірі әйелдерді қоғам өмірінде екінші кезектегі орын алатын теңсіз құқықты субьекті ретінде бағалайтын қоғамдық сананың кертартпалығы болып табылады. Сонымен қатар, көп жағдайларда әйелдердің өздері өзіндік құқықтарға ие екендіктерін түсіне бермейді. Соған сәйкес, Қазақстан Республикасында гендерлік теңдік стратегиясы Мемлекет басшысының 2004 жылғы қыркүйекте Астана қаласында Қазақстан әйелдерінің форумында берген тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы отбасы және әйелдер ісі жөніндегі Ұлттық комиссиясымен өңделді. Стратегияны өңдеуге және оны талқылауға барлық мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Стратегия жобасында Уәкілетті мекеменің ескертпелері мен ұсыныстары ескерілді. Еліміздің заңдарында да әйелдердің құқықтары мен мүдделері ерекше айшықталған. Қылмыстық кодексте адам өмірі мен денсаулығын, ар-ожданын қорғау, әйелдер мен ерлер рыногындағы құқықтары мен мүмкіндіктері сияқты қағидаларды бұзғаны үшін, сондай-ақ әйелдерді кемсіту мен зорлау қылмыстарының кез келген түріне жауаптылық жан-жақты тәптіштеп беріледі. Сонымен қатар, Қылмыстық кодексте әйелдерге қатысты жазаларға шектеулер қойылған. Қазақстан Республикасындағы еңбек кодексінде әйелдерге, жүкті әйелдерге қатысты мән-жайлар енгізілген. Атап айтсақ, жүкті әйелдерді үстеме жұмысқа тартуға шектеу қойылған. Жүктің әйелдерді еңбек демалысынан шақыртып алуға жол берілмейді. Әйелдер еңбегін ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды немесе қауіпті жұмыстарда пайдалануға тыйым салынады. Осы сияқты әйелдер мен жүкті әйелдерге қарастырылған жеңілдіктер бұл кодексте көптеп кездеседі. Осылайша, әйел құқығын мемлекеттік тұрғыдан қорғау мақсатында нақты іс-шаралар атқарылуда.
Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының жетекші маманы Б.Сугурова
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
от 7 000 тг в месяц
|