|
|
|
Қызылорда облысы бойынша шектеу, оның ішінде карантиндік шаралары туралы Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 14 қаңтардағы № 1 Қаулысы (2022.28.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 16 наурыздағы № 5 Қаулысымен күші жойылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 38-бабының 1 тармағының 7) тармақшасына, 104-бабының 2-тармағына және 7 тармағының 8) тармақшасына, «Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде оларға қарсы міндетті профилактикалық екпелер жүргізілетін аурулардың тізбесін, екпелерді жүргізу қағидаларын, мерзімдерін және халықтың профилактикалық екпелерге жататын топтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 612 қаулысына сәйкес Қызылорда облысы халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының (бұдан әрі - COVID-19) таралуының алдын алу мақсатында ҚАУЛЬІ ЕТЕМІН: Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022.19.01. № 2 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2022.28.01. № 4 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді 1. Барлық деңгейдегі әкімдіктерге, аумақтық мемлекеттік органдарға, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасына, «КТЖ - Жүк тасымалы» акционерлік қоғамы филиалының «ГП Қызылордалық бөлімшесіне», құқық қорғау мен арнайы органдарға, меншік нысанына қарамастан объектілер басшыларына, жеке және заңды тұлғаларға: тыйым салынсын: 1) «Халық денсаулық және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 110-бабының 5- тармағына сәйкес кальянды пайдалануға; 2) - 8) Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022.28.01. № 4 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 9) қосымша білім беру ұйымдарында - жеке сабақтар дәстүрлі форматта, 10 адамға дейінгі - топтық сабақтар, балалар мен ересектердің түзету кабинеттерінде - жеке және топтық сабақтар 10 адамға дейінгі - дәстүрлі форматта оқытылсын; 10) медициналық ұйымдардың, қарттар, балалар және мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілердің (күндізгі стационарларды қоспағанда), сәбилер үйлерінің, балалар үйлерінің, әлеуметтік оңалту орталықтардың, мүгедек балаларға арналған, интернат типіндегі оқу орындарының қызметіне. Әлеуетті ата-аналар берілген күнінен бастап 3 тәуліктен аспайтын уақыт өткен, тepic нәтижесі бар ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексерілгені туралы құжатты немесе COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын, ревакцинацияның алғанын растайтын құжатты ұсынған кезде жетім балаларды одан әрі асырап алу, қорғаншылықты, қамқоршылықты белгілеу үшін олармен кездесуге сәбилер үйлері мен балалар үйлеріне баруға рұқсат етіледі. Берілген күнінен бастап 3 тәуліктен аспайтын уақыт өткен, теріс нәтижесі бар ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексерілгені туралы құжатты немесе COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын, ревакцинацияның алғанын растайтын құжатты ұсынған кезде келушілердің, ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының медициналық-әлеуметтік объектілерге (қарттар, мүгедектер үйлері, балалар үйлері және басқалар) баруына рұқсат етіледі; 11) алдын ала жазылу бойынша сұлулық орталықтары мен салондары, шаштараздар, маникюр мен педикюр қызметтері, косметологиялық қызмет көрсететін орындардың қызметіне; 12) Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022.28.01. № 4 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 13) 80 Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022.28.01. № 4 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 14) алдын ала жазылу бойынша медициналық орталықтар, кабинеттер, стоматология жұмысына; 15) қоғамдық көліктің жұмысына (қарбалас уақытта автобустар санын көбейту, барлық есіктерді ашу, отыратын орындар саны бойынша толтырумен); 16) - 25) Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022.28.01. № 4 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 26) дәріханалар және азық-түлік тауарларын сату бойынша супермаркеттер, гипермаркеттер, дүкендер, шағын маркеттер жұмысына, орналасқан жеріне қарамастан, жұмыс кестесін штаттық режимде белгілей отырып ұйымдастыруға; 27) орналасқан жеріне қарамастан «Ashyq» жобасына қатысатын объектілердің жұмысына; 28) арнайы, мамандандырылған ұйымдардың, ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттардың (оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға арналған), жалпы үлгідегі мектеп-интернаттардың, дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың қызметіне; 28) Ashyq» жобасына қатыспайтын нысандар Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 10.09.2021 ж. «Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңмен жеңілдету туралы» № 42 Қаулысының талаптарын сақтауға міндетті. Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022.19.01. № 2 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Барлық деңгейдегі әкімдіктерге, Қызылорда облысының білім басқармасына, барлық меншік нысанына қарамастан және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарының басшыларына эпидемиологиялық ахуал тұрақтанғанша қамтамасыз ету: 1) 600 оқушыға дейінгі облыс және аудан орталықтарындағы мектептерді - дәстүрлі форматта оқытуды; 2) облыс орталығындағы 600 оқушыдан жоғары мектептер - қашықтықтан оқыту форматта оқытуды (ауылдық жерлердегі 600 оқушыдан жоғары мектептер - дәстүрлі форматта оқытуды), бұл ретте қашықтықтан оқыту форматтағы мектептер әкімшілігінің шешімімен 1-2 сыныптарды дәстүрлі форматта оқытуды; 3) ЖОО-дары және колледждердің барлық курс студенттеріне - аралас форматта оқытуды (барлық дәрістер - қашықтықтан оқыту форматта, икемді кесте бойынша: тәжірибелік, зертханалық, семинар сабақтары - дәстүрлі форматта оқытуды). Оқу орны әкімшілігінің шешімі бойынша вакцинацияның толық курсын алған оқушылар, студенттер дәстүрлі форматта оқытуға жіберіледі. 3. Қызылорда қаласы және аудандардың әкімдіктері: 1) шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин кезеңінде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде құрылған мониторингтік топтардың қызметін күшейтуді; 2) құрылған мониторингтік топтармен Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің және Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларымен енгізілген шектеу іс-шараларының орындалуына мониторинг жүргізуді. 4. Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы мониторингтік топтардың анықталған кемшіліктері және (немесе) COVID-19 коронавирустық инфекциясының туындау не таралу қауіпі жағдайларында қолданыстағы заңнамаларда белгіленген тәртіппен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның, тиісті аумақтағы басқармасына ақпарат (шұғыл хабарлама) берілуін қамтамасыз етуді. Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022.28.01. № 4 Қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 5. Қызылорда облысының полиция департаменті учаскелік полициялар патрульдеу кезінде жеке секторда мерекелік, отбасылық т.б. шаралар жүргізіліп жатқан жағдайларды жедел мониторингтік топтарға хабар беруді жүйелендіруді. 6. Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасына, Қызылорда қаласы және аудан әкімдіктеріне: 1) коронавирусты инфекцияның профилактикасы бойынша Қызылорда облысындағы шектеу шаралары туралы әлеуметтік желілерде жадынамалар тарату, хабарландырулар, инфографика, видеороликтер, жүгіртпе жолдары арқылы жаппай түсіндірме жұмыстарының жүргізілуін күшейтуді; 2) халықты, жеке және заңды тұлғаларды жобаға қатысатын объектілерге кіру үшін «Ashyq» мобильді қосымшасын, оның ішінде басқа да платформаларды (мысалы, eGov mobile, Aitu, Kaspi.kz, Halyk Bank, Sberbank.kz, Альфа-Банк платформасындағы аналогы, сайт www.ashyq.kz) пайдалану қажеттігі туралы хабардар етуді қамтамасыз етуді; 3) облыс тұрғындары арасында жұқтыру ошақтарын оқшаулау және оның таралу қаупін азайту бойынша қабылданатын шаралар туралы бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық жариялау жүргізуді қамтамасыз етуді. 7. Меншік нысанына қарамастан жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларымен бекітілген санитариялық-эпидемиологиялық және санитариялық-дезинфекциялық ережемен, Алгоритммен қойылатын талаптарды сақтасын. Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022.28.01. № 4 Қаулысымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 8. Қызылорда облысының тұрғындары мен қонақтары адамдар көп жиналатын қоғамдық орындарда эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін бетперде киюге міндетті. 9. Қала, аудандардың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері аумақта қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты карантиндік шараларды күшейту туралы шешім қабылдауға құқылы. 10. Осы Қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 11. Осы Қаулы 2022 жылдың «17» қаңтар 00 сағат 00 минуттан бастап күшіне енеді.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |